Фото: egemen.kz| Ерлан Омар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына тиесілі жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға арттыруды тапсырған еді.
Соған сай биыл бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің айлығы артады.
«Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.