Фото: Петропавл әкімдігі
Марлен Бағытбекұлы 1984 жылы 8 қаңтарда Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласында дүниеге келді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Юриспруденция», К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарынан бастап, әр жылдары Қостанай қаласы әкімдігінде, Сарыкөл ауданы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
Аталған тағайындауға дейін М.Сандыбаев Қостанай облысындағы Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.