Руханият • Кеше

Ақынның таусылмас қазынасы

110 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биылғы 5-қаңтарда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толды.

Ақынның таусылмас қазынасы

Біз Қадыр Мырза Әлінің есі­мін иеленген Батыс Қазақ­стан облыстық мәдениет және өнер орталығының басшысы Серік Тоқмәмбетовке жолығып, ме­рейтойға арналған жоспарымен та­ныс­қан едік.

– 2023 жылы «Қадыр – қазына» кешенді жобасын бастаған едік. Бұл жобаның мақсаты – Қадыр ақын­ның шығармашылығын жан-жақты насихаттау, орталық жұмысын жандандыру болатын. Өткен жылы орталық­­тың материалдық базасын біраз жаңар­тып алдық. 6,2 млн теңгеге сахна жаб­дықтары, 800 мың теңгеге жаңа пер­делер алдық. Ғимаратымыздың су жүйесінде апат болып, іргелері, қа­быр­ғасы бүлінген еді, ол толығымен жөн­делді. Амфитеатрға жаңа орын­дық орнатылды. Концерттік, сах­на­лық киімдер тігілді. Облыстық мә­­дениет басқармасының қол­дауы­мен орталықтың концерт залы сал­­қындатқыш құрылғымен жаб­дық­талды. Осының бәрі біздің бола­шақта алаңсыз қызмет етуімізге әсер ететіні сөзсіз, дейді Серік Әнуарұлы.

Өткен жылы біткен үлкен істің бірі – «Қазақтың Қадыры» атты деректі фильм болатын. Жергілікті «Aqjaiyq» телеарнасымен бірге жасалған бұл фильм жаз бойы Батыс Қазақстан об­лысының әр ауданын аралап шықты. Халық өте жылы қабылдады.

Ал енді мерейтойлы жылға арнал­ған жоспар қандай?

– Биыл да «Қадыр – қазына» жобасы «Дәуір дарабозы» деген атпен жалғасады, – дейді Серік Тоқмәмбетов. – Ақынның мерейтойы биыл респуб­ликалық деңгейде атап өтіледі. Бұған Батыс Қазақстан облысының барлық ауданы атсалысады.

Ақпан айында «Қадыр Мырза Әлі» атындағы қоғамдық қор, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі бірлесіп, Алматы мен Астана қалаларында концерттік бағдарлама ұсынбақ. Осы кеште жоғарыда айтылған «Қазақтың Қадыры» фильмі де көрсетіледі.

Қадыр ақынның өлеңдері еңбек­теген бала мен еңкейген кәрі ара­сындағы күллі қазақтың аузында жүр­­гені рас қой. Бір қызығы, ақын мерей­тойы аясында облыстағы асабалар­дың арасында «Қадырлы қазақ» ат­ты байқау өткізу жоспарланып отыр. Мұнда ақынның өлеңдері мен қағыт­па әзілдерін, афоризмдерін ең көп жаттаған шешенге жүлде берілмек.

Одан бөлек, ақынның шығар­ма­­шылығы мен өмірінен «Замана заң­ғары» атты балалар анимациялық фильм­дерінің облыстық байқауы да ұйым­дастырылады.

Мамыр айында, Екінші дүние­жүзілік соғы­стағы жеңістің 80 жыл­дығы қарсаңында майдангер ақын Аб­долла Жұмағалиев пен Қадыр Мыр­за Әлінің Отан, туған жер туралы шы­ғармаларынан «Өлмес өмір» атты облыстық ардагерлер байқауы өтеді.

Қадыр – балалар шығармашы­лығына да көп көңіл бөлген ақын. Осыған орай ақын шығарма­шы­лы­ғынан халық театрлары ара­сын­да «Правом жоқ өлуге!» атты респуб­ликалық балалар театр фес­ти­валі де Орал қаласында өтеді.

Мерейтойдың ең салтанатты жиын­дарының бірі «Мұзарт» тобы, «Заман» тобы, Нұрболат Абдуллин секілді қа­зақ эстрадасы жұлдыздарының қаты­суымен өтетін мерекелік концерт болатыны анық.

Одан бөлек, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған рес­публикалық ғылыми-теориялық кон­ференция, республикалық ақын­дар айтысы да мерейтойдың шоқтығы биік іс-шараларының бірі болмақ.

Әрине, Қадырдың тойын өткізу тек «Қадырсарай» ұжымына жүктелген міндет емес қой. Өңірдегі Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония тарапынан да бірнеше ірі жиын жоспарланып отыр. Мәсе­лен, Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт­тық оркестрі ақынның өлеңдерінен өңір әншілерінің қатысуымен арнайы концерт ұсынады. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ақынның өмірі мен шығармашылығына арнап қойылым дайындап жатыр екен. Ал облыстық халық шығармашылығы орталығы ақын өлеңдеріне жазылған әндерден «Күндер-ай» атты республикалық әнші­лер байқауын өткізеді. «Қа­дыр жыры – халық үні» атты респуб­ликалық жыршы-термешілер байқауы да өз көрерменін табары анық.

Серік Әнуарұлының айтуынша, Қадыр Мырза Әлінің әндеріне клип түсіруден де облыстық бай­қау жоспарланған. Көріп отырға­ны­мыз­дай, ақын мерейтойы өнердің бар­лық саласын қамтып, елдің тойына айналғалы отыр екен.

Әрине, ақынға деген ең үлкен құр­мет – оның өлеңдерін жатқа айту болса керек. Мерейтой жылы да Қадыр өлеңдерін жатқа оқудан рес­публикалық «Қадыр оқулары» бай­қауы өтеді. Ол қазақ тілі мен әде­биеті пәні мұғалімдері және мектеп оқушылары арасында бір-бірімен қа­тар, қабаттас ұйымдастырылмақ.

«Біз Қадыр ақын шығар­машы­лығының мұрагері ретінде ақын өлең­дерін шет тілдеріне аудару, шы­ғар­машылығын зерттеу үшін жы­лына кем дегенде 10 студентке дип­ломдық жұмыс тапсыру секілді түрлі жобаларды дайындап жатырмыз. Қазақ барда Қадыр ақынның мұрасы жоқтаусыз қалмақ емес» дейді Серік Тоқмәмбетов.

 

Батыс Қазақстан облысы