Оқиға • Кеше

Өскемен-Новосибирск бағытындағы автобустан 46 адам эвакуацияланған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысынан 7 қаңтарда түнгі уақытта Ресейге бағыт алған автобус  Шемонаиха ауданының тұсында сынып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен-Новосибирск бағытындағы автобустан 46 адам эвакуацияланған

Фотолар: ШҚО Полиция департаменті

Қоғамдық көлікте 46 адам болған, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар. Суықтан тоңған жолаушылардың бірі 102 арнасына қоңырау шалған.

шқо

«Жедел келген полицейлер барлық адамды Шемонаиха қаласындағы колледжге эвакуациялады. Олар сол жерде жылынып, демалуға мүмкіндік алды. Белгілі болғандай, автобустың генераторы істен шыққан», деп хабарланды ШҚО полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта автобус жөнделіп, жолаушылар сапарларын қайта жалғастырды.