Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлады.
Бағдарламаның мақсаты – жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру.
Бағдарлама шеңберінде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтей алады. Бұл азаматтардың жабдық шығындарын азайтуға және отандық телерадио хабарларын таратудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды. Субсидиялар жылына 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғыларын сатуға бөлінеді.
Процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды.
Субсидиялауды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығымен бекітілген.