Жемқорлық • Бүгін, 01:23

Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алған

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алған

«2025 жылғы 6 қаңтарда Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаментінің басшысын ұстады. Шенеунік экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерден 2,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.

8 қаңтарда ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

2024 жылғы 26 тамызда күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.