ПЕТРОПАВЛ. 1 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысында 1 мамыр мерекесін кеңінен аталып өтіп жатыр. Облыстағы тату-тәтті, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай өмір сүрап жатқан түрлі этнос өкіледері осы мерекені асыға күтетіні сөзсіз. Солардың бірі -«Совхозная» орта мектебінің директоры Светлана Августинская Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлаудың жоғары деңгейде өтіп, халықтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бір ауыздан сайлағанын мақтан етеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Елбасы Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде 26 сәуірде өткен сайлау Қазақстан халқының бірлігіне беріктігі мен кемел болашағына сенімділігін паш еткенін айрықша атап көрсетті. Солтүстікқазақстандық сайлаушылар да жоғары ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, Елбасымызбен бірге болатындарын бірауыздан мәлім етті. Мен Светлопольск ауылдық округінде орналасқан № 344 сайлау учаскесінде қоғамдық бақылаушы миссиясын атқара жүріп, жұртшылықтың сайлауға деген ерекше ынта-ықыласы мен жоғары жауапкершілігінің куәсі болдым. Тізімдегі сайлаушылардың 99 пайызы өз таңдауларын жасап, ел тұтастығы, ұрпағымыздың болашағы, мемлекеттілігіміздің нығаюы бей-жай қалдырмайтындарын айғақтады. Президенттің Ант беру салтанатындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Бес халықтық реформаға» елімнің білдірген қолдауы. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді атаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында тәуекелге де дайынмын»,– деп ағынан жарыла айтуы таңдаудан қателеспегенімізді, келешекке жоспарланған бағыт-бағдарларларымыздың мүлтіксіз орындалатынын тағы бір айғақтап берді», дейді ол. Оның айтуынша, кез-келген елдің қуаты – халқының бірлігінде екенін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сьезінде алға тартқан Мемлекет басшысының делегаттар назарын бес халықтық реформаға аударуы тектен тек емес. Өйткені, бүкілхалықтық механизмдер мен мега-жобаларды іске асыру арқылы ғана біртұтас ұлттық мәселелерді шешуге, тыныштық пен татулықтың қазақстандық моделін қалыптастыруға қабілеттіміз. Осы ретте ол Нұрсұлтан Әбішұлының салмақты да көреген идеяларымен инаугурация кезінде де бөлісіп, Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосу жөніндегі батыл ұстанымын тағы бір қуаттап бергенін, қазақстандықтарға төрткүл дүниеде дағдарыстар мен жанжалдардың жаңа ұшқындары өршіп отырғанын жеткізе келіп, 5 сыртқы сын-қатерлердің қауіп төндіріп отырғанын ескерткенін айтты. «Оған қарсы тұрарлық, еңсеретін, тың белестерге ұмтылдыратын бес ауқымды міндеттерді ұсынды. Осылайша, «Қазақстан-2030» алғашқы ұзақ мерзімді Стратегиясын қабылдап, орнықты даму жолына нық түскен еліміздің экономикалық өсімін бәсеңдетпеу, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру қағидаттарын мүлтіксіз жүзеге асыру үшін Елбасы Жарлығымен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның құрылғанын, оған 5 реформаны кезең-кезеңмен асыруды басқару, үйлестіру секілді міндеттер жүктелгенін естіп, халықтық реформаларды қалтқысыз орындаудың қоғаушы күші ретінде қабылдадық», деді ол. Сонымен бірге ол Елбасының «мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынғанын, бұл бағдарлама – біздің жаһандық және ішкі-сыртқы қатерлерге, бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз екенін, реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылда бірінші кезектегі ұлттық міндет» дей отырып, комиссияның алғашқы отырысында жариялайтынын айтқанын атап өтті. «Бұл күнді де тағатсыздана тосып отырмыз», деді ол. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше