Төтенше жағдай • Бүгін, 09:30

17 бала терезеден құлап кеткен

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында былтыр 17 бала терезеден құлаған. Олардың барлығы жарақатына байланысты ауруханада емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 бала терезеден құлап кеткен

Фото: ашық дереккөз

Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Балалардың терезеден құлау жағдайының басты себебі — ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы.

«Терезеде уақытша бекіткіш тордың болмауы мен москит торының берік бекітілмеуі оқыс оқиғаның тіркелуіне алып келеді. Оған қоса балалардың терезенің алдында ойнауына жол бермеу қажет. Бұл бағытта сала мамандары қауіпсіздік шараларына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді», деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылы облыста 14 бала терезеден құлап, оның 1-еуі қаза болған. Ал 2024 жылы дәл осындай жағдайға душар болған. Олардың барлығы аман қалды, жарақатына байланысты ауруханада емделіп шықты.