Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Көкшетаудағы ғылыми кітапханадан өрт шықты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы ғылыми кітапханадан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетаудағы ғылыми кітапханадан өрт шықты

Фото: ТЖМ

ТЖМ екі қабатты облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратының бірінші қабатындағы кітаптары бар сөрелерден өрт шыққанын хабарлады. 

Құтқарушылар хабарды жоғары дәрежелі қоңырау деп қабылдап, оқиға орнына жедел жеткен. Олар 10 шаршы метр алаңға таралған өртті сөндірді. 

Зардап шеккен адам жоқ. Мамандар өрттің шығу себебі анықталып жатқанын айтты.