Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Айта кетейік, мектеп 1500 оқушыға есептелген, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Нысанның жалпы құны 7,8 млрд теңгені құраған. Нысанның жобалаушысы «AQMOL project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, құрылыстың бас мердігері - «KazConstuction Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Депутатты білім ордасының жұмысымен №51 орта мектептің директоры, «Білімдегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» бағдарламасыны мүшесі Жақсығали Жұмабай таныстырған. Оның айтуынша, оларға оқушылар үш ауысымды №49 орта мектептен ауыстырылған. Бүгінде 1200-ден астам бала жаңа, жайлы мектепте білім алып жатыр.
«Мектептің өте жақсы жабдықталғанына, заманауи аспаптармен қамтылғанына және балаларға жайлы кабинеттердің дайындалғанына қуаныштымын. Мұндай форматтағы мектептер барлық қалада, ауылдық округте болуы керек деп есептейміз. Мемлекет басшысы жуырда «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтқандай, алдағы уақытта республика бойынша 460 мың оқушыға арналған 217 жайлы мектеп салу жоспарланған. Депутаттар бұл құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін басты назарда ұстайды», деді Снежанна Имашева.
Айта кетейік, оқушылардың орын тапшылығы мәселесін шешу – «Аmanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының бір тармағы.