2024-2025 жылғы қысқы сырғанау маусымында шаңғысүйер қауым үшін жағымды жаңалық тау курорты жаңа мүмкіндіктер аясын кеңейте түспек. Курорт аймағында ең биік сырғанау нүктесі саналатын Aqtas үстіртінде станцияның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тау курортының ең биік нүктесі саналатын үстірттің алаңы ашылса, демалушылар теңіз деңгейінен 2140 метр биіктен ылдиға қарай жүйткиді. Бүгінде төменгі станцияның құрылыс жұмыстары бітуге таяған.
Осыған орай ертең арнайы пресс-тур ұйымдастырылмақ. Онда Oi-Qaragai ЖШС бас директоры Дмитрий Матяс пен жоба жетекшісі Кирилл Зарубин құрылыс барысымен таныстырады. Курорттың заң бөлімінің меңгерушісі Светлана Пан проблемалық мәселелер туралы мәселе көтермек.Курорт өкілдері жұмыс барысы туралы, сондай-ақ іс жүзінде өңірде жаңа туристік бағыттың құрылысына кедергі жасап, жер телімінің бір бөлігін рейдерлік жолмен басып алуға әрекет етушілер туралы да ресми мәлімдеме жасамақ.