Фото: sports.kz
Реконструкция барысында ескі жабындылар, алаңды жылыту және суару жүйелері толығымен ауыстырылып, жасанды газон жаңартылған.
«Өткен жылдың желтоқсан айында футбол алаңы UEFA стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өтіп, халықаралық сертификатқа ие болды», деп жазды Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын да атап өткен.
«Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл бастау жоспарланып отыр. Жобаны аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған», деді Астана қалалық мәслихат депутаты.