Оқиға • Бүгін, 20:00

Қос құжатты ер адам ел аумағынан шығарылды

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында қос азаматтықпен жүрген жігіт елден шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қос құжатты ер адам ел аумағынан шығарылды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz-тің ақпаратына қарағанда Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі 2024 жылдың қараша айында Ресей Федерациясының азаматы атанған 23 жастағы Бесқарағай ауданының тұрғыны Қазақстан азаматтығын жоғалтқанын ресми түрде тіркемегенін және Қазақстан паспортын пайдалануды жалғастырғанын анықтаған. Соттың шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, ҚР аумағынан шығарылған. 

ҚР-ның заңнамасына сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығын алған азаматтар 30 күн ішінде Қазақстанның құжаттарын тапсырып, азаматтықтан шығу туралы ресми түрде тіркеуден өтуге міндетті саналады.