Парламент • 10 Қаңтар, 2025

Мәслихат депутаттары мәселелерін жеткізді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының депутаты Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәслихат депутаттары мәселелерін жеткізді

Жиын барысында жергілікті депутаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, бірқатар маңызды ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, Құмкөл мұнай-газ кен орнын Ұлытау облысына қарасты етіп, пайдалы қазбалардан түсетін салықтың 50 пайызын облыс бюджетіне бағыттау, Жошы хан тарихи-мәдени кешенін мемлекет балансына беріп, Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырына өткізу мәселелері айтылды.

Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова мәдени кешенді қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігін атап өтті. Осыған орай нысанды республикалық деңгейде қаржыландыру ұсынылды.   

Өз кезегінде Ерболат Сатыбалдин бұл ұсыныстардың Мәжілісте қарастырылып жатқанын және тиісті шешімдер қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ депутат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізілетінін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50