АСТАНА. 1 мамыр. Белгілі миллиардер, алдағы шілдеде 100 жасқа толатын Дэвид Рокфеллер өмірінде 6-рет жүрек трансплантациясын жасатты. Бұл туралы Word News Dally Report басылымы хабарлады.
6 сағатқа созылған отаны Нью-Йорктегі Рокфеллер әулетіне тиесілі Покантико-хилл сарайында миллиардерлердің жеке хирургтарынан құрылған топ жасады. Отадан кейінгі қайта қалпына келу кезеңі Тынық мұхитының ортасындағы Вануату аралында өтеді.
Операциядан кейін 36 сағат уақыт өткенде Дэвид Рокфеллер журналистерге өзіне бірнеше сұрақ қоюға рұқсат берген.
«Жүрегімді ауыстырған сайын, бүкіл денеме қан жүгіріп, өмірдің бір тамшысындай болған тылсым күш бойыма қуат бергенін сезінемін. Сол кезде өзімнің тірі және белсенді екенімді білемін», – дейді миллиардер.
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы туралы сұраққа Рокфеллер: «Маған бұл сұрақ жиі қойылады. Бәріне берер жауабым бірдей. Яғни, ұзақ жасаудағы бар сырым – менің өмірге деген махаббатым, оны шексіз сүю. Қарапайым өмір сүру, жас балалармен бала болып ойнау, қолыңда бар дүниеге қанағат ету, уақытыңды сыр бөлісер достарыңмен өткізу. Міне, менің өмірімнің негізгі формуласы осындай», – деді.
Ол өз өмірінде өте көп ақша тауып, байлыққа кенелгенін, алайда, дүниесінің көп бөлігін қайырымдылыққа бергенін айтты. «Байлығыңды өзгелермен бөлісу мүмкіндігіне ие бола тұра, оны өзіңде қалдыру – мағынасыз тірлік», – дейді Дэвид Рокфеллер.
Айта кетейік, миллиардер алғаш рет жүрегін 1976 жылы ауыстырған. Ол кезде көлік апатына ұшырауы себеп болған. Аталған апаттан кейін 24 сағат уақыт өткенде Рокфеллерге жүрек трансплантациясы жасалды. Ал бір аптадан кейін ол баяу болса да жүгіре алатын халге жеткен.
Сонымен қатар, 1998 және 2004 жылдары миллиардер бүйрегін ауыстырғанын айта кетейік.
Бүгінде 100-ге келген Дэвид Рокфеллер өзін жақсы сезінетінін және денсаулығына ешқандай шағымы жоғын айтты. Тіпті ол мұндай денсаулықпен 200 жасқа дейін өмір сүретініне үмітті екенін де әзілмен астарлап жеткізді.
Дэвид Рокфеллер 1915 жылдың 12 шілдесінде Нью-Йорк қаласында туған. Ол - әлемдегі ең алғашқы миллиардер Джон Рокфеллердің немересі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Word News Dally Report.
Сурет: bloomberg.com.
• 01 Мамыр, 2015
100-ге келген миллиардер Дэвид Рокфеллер 6-рет жүрегін ауыстырды

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11