Заң • Бүгін, 13:30

Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасымен ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды

Аудан тұрғыны осы жылдың жазында мас күйінде бола тұра, әртүрлі елдердің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған «Чат рулетка» қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.

Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.

Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді.

Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.