
Фото: Hájek Ondøej/CTK/dpa
Around Prague басылымының хабарлауынша, жарылыс мейрамхананың бақшасында газ жылытқышының құлап кетуінен болған.
Өрт сөндірушілер келгенше ғимарат жалынға оранып үлгерген. Сондай-ақ, өртті сөндіру барысында бірнеше пропан-бутан баллондары жарылып, қалғандары ғимараттан шығарылған.
Қызыл жалынды сөндіруге 13 бөлімшеден 63 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрт түнгі 1-де оқшауланған, бірақ ерікті өрт сөндірушілердің бірі зардап шеккен.
Айта кетейік, жарылыс кезінде мейрамханада 20-ға жуық қонақ болған.