05 Ақпан, 2015

Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
1890_oko_2Түркістаналаш жұрты үшін орны ерек, қасиетті қала. Қожа-Ахмет Ясауи кесенесінде киіз туырлықты қазақты өз алдына өзгелермен терезесі тең жеке мемлекет етіп қалыптастыруды аңсаған, сол жолда ат үстінен түспеген хан, сұлтан, батыр, билер мәңгіге дамылдап жатыр. Елдің бірлігі мен берекесінің символы ретінде «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» рес­публикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазан» болып бел­гіленген болатын. Кеше Түр­кіс­тан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесе­несінің басында ұлықтау рәсімі «Тайқазан – игілікті істердің сим­волы» салтанатты шарасы өтті. Іс-шара барысында Тай­­қазанды ұлықтау, ел ақса­қал­­дарының батасын алу рәсі­мі өткі­зілді. Рәсімнің қоры­тын­дысы бойынша Тарихи-мәде­ни этно­гра­фиялық орталықта Ас­самблея өкілдері мен жергілікті ақсақалдардың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары үшін арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. «Қазақстан халқы Ассам­блеясы – 20 ізгі іс» респуб­ли­калық эстафетасының бас белгісі «Тайқазан» Астана қаласынан республиканың барлық өңірлеріне бекітілген маршрут бойынша аралап шығып, іші «ізгі істерге» толып, Астана қаласына қайта оралады. Ағымдағы жылғы сәуір айында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ел Президентіне тапсырылады. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Розақұл Халмұрадов, Надежда Нестерова, Қазақстан Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанай, облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов, жергілікті ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. «Көпұлттылық – Қазақ­стан­ның бақыты», дейді Елбасы. Тағ­дыр-талайымен қазақ жері­нен пана тапқан барша этнос өкіл­дері Түркістаннан бас­талған тағылымды істі жақсы ырымға балап отыр. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ТҮРКІСТАН. Суреттерді түсірген Хусан АЗИЗОВ.