
Фото: ufa.tts.ru
Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді қатаң сақтауды, соның ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын жарақаттарды азайту үшін арнайы балаларды ұстау құралдарын пайдалану қажеттігін ескертті.
«Жыл басынан бері Алматы жолдарында балалардың қатысуымен 1511 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан төрт бала көз жұмған, тағы 1600-ден астам бала жарақат алған. Балаларды авто орындықтарға отырғызу әуре-сарсаң емес, бұл жол қозғалысының ең жас қатысушыларының қауіпсіздігіне кепілдік беретін талаптар екенін түсіну өте маңызды», деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне тақырыптық жадынамалар таратып, балалар қауіпсіздігі мәселесіне ересектердің назарын аударды.
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі ең алдымен өзімізге байланысты. Көптеген ата-ана баласын тасымалдау үшін авто орындықтың қажеті жоқ деп есептейді, себебі балалар тез өсіп кетеді. Бірақ балаларды тасымалдауға арналған трансформацияланатын орындықты сатып алуға болады. Балаларыңызға қамқор болыңыздар», деді Тимур Ноғайбаев.