
Фото: Polisia.kz
Кешкі уақытта көше бойында келе жатқан 16 жастағы қыздың денесі құрысып, есінен танып қалған. Сол маңайдағы адамдар жедел жәрдем шақырған.
Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полицейлер жағдайды байқап, оқиға орнына бет алған. Олар жасөспірім демін әрең алып жатқанын көрген. Тәртіп сақшылары әуелі қыздың тыныс алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, кейін оны қызметтік автокөлікпен (жедел жәрдемді күтпей) аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Анықталғандай, ол қонаққа бара жатып, күтпеген жерден ауа жетпей, әлсіреген. Қыздың ата-анасы дер кезінде көмек қолын созған полицейлерге алғыс білдірді.