01 Мамыр, 2015

Атыраулықтар ел бірлігі мерекесін ерекше тойлады (фото)

449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
1 мая 2015 (Атырау) 8АТЫРАУ. 1 мамыр. Атыраулықтар Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін облыс орталығындағы Исатай мен Махамбет батырлар ескерткіші бой көтерген алаңда атап өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жұртшылық ертесімен аталған алаңға қарай топ-тобымен ағылды. Ұлттық киімдерін киіп, бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырған түрлі этнос өкілдері барша халықты айтулы мерекемен құттықтап жатты. Айтқандай, өңірде 17 этномәдени бірлестік өкілдері татулық пен тұрақтылықты, достық пен бірлікті нығайтуға лайықты үлесін қосып келеді. Алаңға жиналған жұртшылықты облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, ел бірлігінің маңызына кеңінен тоқталды. Өңірдің бір топ соғыс және еңбек ардагеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды. Сонымен бірге, ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Бірлік» алтын медаліне «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гүлсина Байкенова мен «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач ие болды. 1 мая 2015 (Атырау) 12 «Біздің еліміз тәуелсіздігін алғалы бері көптеген жетістікке қол жеткізді. Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсара түсті. Еліміздегі барлық этнос өкілдері бір-бірімен тату, өз тілін, мәдениетін дамытуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бәрі де мемлекеттік тілді құрметтейді. Елдегі татулықтың нығайғаны биылғы Президент сайлауында және бір рет дәлелденді», – дейді «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гүлсина Байкенова (суретте). Бұл күні этномәдени бірлестіктердің мүшелері әуелете ән салды, мың бұрала би биледі. Олар тек өз тілдерінде ғана емес, қазақ әндерін де шырқады. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек:egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев. 1 мая 2015 (Атырау) 1 1 мая 2015 (Атырау) 2 1 мая 2015 (Атырау) 3 1 мая 2015 (Атырау) 4 1 мая 2015 (Атырау) 5 1 мая 2015 (Атырау) 6 1 мая 2015 (Атырау) 7