01 Мамыр, 2015

Ақтөбеде бірлік күні құрметіне 4,5 мың адам қатысқан марафон өтті (фото)

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Изображение 035АҚТӨБЕ. 1 мамыр. Ақтөбе қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні айрықша аталып өтілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әбілқайыр хан ескерткіші алдындағы алаңға күн көтерілмей-ақ қарақұрым халық жиналып қалыпты. Бұлар – мерекеге орай ұйымдастырылған «Сенің марафоның – сенің жеңісің» атты марафонға қатысушылар. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарынан және жоғары оқу орындары мен колледждерден, мектептерден барлығы 4,5 мың адам қатысқан марафонда ерлер 21, әйелдер 10, ал, бұқаралық марафоншылар 3 шақырымға жүгіріп өтіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық саябаққа  жиналды. Мұнда да мереке әлдеқашан басталып кеткен. Түрленіп, түлеп кеткен саябақ ортасындағы үлкен сахнадан сан ұлттың әуезді үні асқақтайды. Мерекелік шараның салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова құттықтау сөз сөйлеп, еліміздегі ұлтаралық достық пен бірліктің тереңнен тамыр тартатынын, оған Елбасы ұстанған сарабдал саясаттың берік іргетас қалап отырғанын жеткізді. Содан кейін еліміздегі татулық пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелеріне «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медалін тапсырды. Шара барысында марафон жеңімпаздары да марапатталып, оларға ақшалай және ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Соңында жиналғандарға «Достық» облыстық және «Қазақстан – достықтың мекені» атты аймақтық фестиваль лауреаттарының гала-концерті ұсынылды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. Изображение 045 Изображение 050 Изображение 084 Изображение 053 Изображение 105