Оқиға • 14 Қаңтар, 2025

Ақтөбе облысындағы балабақшада бүлдіршіндерге құрттаған тамақ берген

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде ботқаға жәндіктер қосылған. Ашынған ата-аналар әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялады. Жағдайға Ақтөбе облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысындағы балабақшада бүлдіршіндерге құрттаған тамақ берген

Фото: Видеодан алынған кадр

Білім басқармасының мәліметінше, балабақша меңгерушісі және тағы екі қызметкер жұмыстан босатылған.

«13 қаңтарда Қандыағаш қаласының «Самал» балабақшасында жағымсыз оқиға болды. Таңғы асқа әдеттегідей, арпа ботқасы дайындалды. Жұмысшылар сынама алып, бірақ ештеңе таппады. Табақтарға салынғаннан кейін ботқадан жәндіктер табылды. Балаларға ботқа берілмеді. Болған оқиғадан кейін кейін балабақша меңгерушісі, медбике және аспаз жұмыстан босатылды», деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының м.а. Нұргүл Бертілеуова.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде құрт-құмырсқаға толы ботқаның видеосы тарады. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім бөлімі қазір балабақшада тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35