Парламент • 14 Қаңтар, 2025

Депутат Гаухар Танашева Парламенттен кетті, оның мандатын кім иеленді?

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Парламенттен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат Гаухар Танашева Парламенттен кетті, оның мандатын кім иеленді?

Танашеваның орындығын босатқаны жөнінде әуелі Орталық сайлау комиссиясы ақпарат таратты.

«Қазақстан Халық партиясы бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын», делінген комиссия қаулысында.

Ulysmedia.kz тілшісі Гаухар Танашеваның Парламенттен кетуіне не түрткі болғанын білу үшін оған қоңырау шалды, алайда оның ұялы телефоны өшірулі болған.

Гаухар Танашева 2024 жылы 25 желтоқсанда, яғни былтыр өзі қатысқан Парламент Мәжілісінің соңғы отырысында: «Халқын аямайтын Үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей дамыған мемлекеттердің қатарына кірмейміз.Адамдар өмір сүру үшін күрес пен тұрақсыздық режимінде балаларды қалай тамақтандырамын, қарызды қалай жабамын деген қорқынышпен жүр. Өйткені халықтың 80 пайызы несие алып өмір сүріп жатыр. Мұндай жағдайда балаларды қандай патриот қылып өсіреміз?», деп мәлімдеген еді.

Мәжіліс депутатының бос мандаты «ҚХП» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге берілді.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше