01 Мамыр, 2015

Оралда мерекеге орай салтанатты шеру өтті (фото)

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
фото  Рафхата  Халелова (228)ОРАЛ. 1 мамыр. Орал қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлау орталық алаңдағы салтанатты шерумен басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, барша батысқазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде ынтымақ пен бірлік нығайып, берекеміз артқанын айтты. Мерекелік бағдарламаға облыстағы әртүрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, бірқатар халықтың ұлттық билері биленді. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рафхат Халелов. фото  Рафхата  Халелова (271) фото  Рафхата  Халелова (332) фото  Рафхата  Халелова (223) IMG_2721 фото  Рафхата  Халелова (30) фото  Рафхата  Халелова (25) IMG_3070 IMG_2869