Скрин: «ҚазАвтоЖол»
«ҚазАвтоЖол» компаниясы апат қалың тұман салдарынан болғанын мәлім етті.
Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер тұман кезінде жылдамдық пен қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған.
«Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған», делінген «ҚазАвтоЖол» түсініктемесінде.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.
Компания сағат 9: 25 шамасында 18 көліктің 16-сы жол бойынан шығарылғанын хабарлады. Қалған 2 көлік эвакуатор қызметін күтуде.