Фото: zhts.kgd.gov.kz
Аталған заң жобасы мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін енгізіліп отыр.
Ұлан Сарқұлов пара ұсынуды қылмыстық жауапкершілік санатына енгізу 16 жыл бойы күн тәртібінде тұрған мәселе екенін де атап өтті. Түзетулерді пысықтау барысында алыс және жақын шет елдердің халықаралық тәжірибесі мұқият зерделенген.
«Мұндай қылмыстар бойынша шетелдегі сот-тергеу практикасы минималды, жекелеген жағдайлар ғана анықталып отырады. Десе де осы сипаттағы баптың болуы, тіпті, пара туралы әңгіменің өзі қолайсыз болатындай тәртіп пен мәдениет қалыптастырады. Пара беру туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық әсерге ие болады. Бұл заң жобасы мемлекетке зиян келтірмей тұрып, парақорлардың жолын кеседі», деді Антикор төрағасының бірінші орынбасары.