Тағайындау • Бүгін, 12:45

Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

14 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Ақмола облысы әкімінің бұйрығымен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Досұлан Ерланұлы Айтбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметте 17 жылдық еңбек өтілі бар. Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.

Қостанай облысы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

Осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болған.