05 Ақпан, 2015

Елімізге қызығушылықтың ерекше көрінісі

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Түркияның «Dünya» газеті Қазақстанға арналған арнайы нөмірін жарыққа шығарды 2015-02-03 18.08.12Түркияда «Dünya» алдыңғы қатарлы эко­номикалық газетінің толығымен Қазақстан Республикасының жетіс­тіктеріне арналған «Қазақстан» атты арнайы нөмірі жарық көрді. Ол Қазақ­станның жетістіктері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен мақалаларды, сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ел халқына Жолдауының негізгі қағидалары мен «Астана-ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттарды қамтиды. Арнайы шығарылымның алғашқы беттері елшіліктің түрік тіліне аударған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағида­лары­мен басталады. Келесі беттерде Қа­зақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыды­рысовтың «Бейбітшілік пен өсіп-өр­кендеу жолында теңіздерді бағындыра отырып» атты мақаласы, Түркияның Экономика министрі Н.Зейбекші мен Түркияның Индустрия, ғылым және технологиялар министрі Ф.Ышык­тың қазақ-түрік қарым-қаты­нас­тарының жай-күйі туралы, сонымен қатар, Қазақстанның Түр­кия­дағы елшісі Жансейіт Түйме­баев­­тың, саясаткерлердің, акаде­мия­лық қай­рат­керлердің және бас­қалар­дың екі­жақты қарым-қаты­настарды қам­титын мақалалары жарияланған. Олар­да тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ­стан­­ның жетістіктері, даму бағдар­лама­лары, Қазақ хандығының 550 жыл­­­дығын атап өтуге дайындық, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға әзір­лік және басқа да маңызды мәсе­ле­лер туралы жан-жақты әңгіме қозғалады. Мәселен, Фикри Ышык өз ма­қа­ла­­сында былай дейді: «Қазақ-түрік қа­­рым-қатынастары институттық ын­­тымақтастықтың жоғары деңгейде да­­мығанын айғақтап беріп отыр. 2012 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зарбаевтың Түркияға сапа­ры аясында Қазақ-түрік Жоға­ры дең­ге­йдегі стратегиялық ынты­мақ­тас­тық кеңесінің алғашқы отырысы, ал Түр­кия Премьер-министрі Р.Т.Ер­до­ғанның 2012 жылғы Қазақ­стан­ға са­пары шеңберінде екіжақты эко­но­микалық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мықты негіз қалайтын «Жа­ңа синергия» атты бірлескен эко­но­ми­калық бағдарламаға қол қойылды». Газеттің редакторлары қазақ-түрік сауда-экономикалық ынты­мақ­тастығына көңіл бөліп қана қоймай, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қазақ-түрік бірлескен компаниялары мен фирмаларының рөлін ерекше атап өтеді. Арнайы шығарылымның жеке бір тарауы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық іс-шараларына арналыпты. 2017 жылы көрмені ұйым­дастыру құқын жеңіп алу бәсе­кесіне Бельгияның Льеж қаласы да түскен еді, алайда, шешім баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияларға басымдық берілген «Болашақтың энергиясы» атты тақы­рып­пен өтетін Астананың пайдасына шығарылды, деп нақтылайды өз мақаласында басылым. Жалпы, арнайы шығарылым түрік қоғамының Қазақстанға және еліміздің жетістіктеріне зор қызығушылық танытатынының бір көрінісі болып табылады. «Dünya» – Түркияның ең танымал экономика­­лық газеті. Ол Түркия­ның барлық аумағында, сонымен қатар, Түркияның Америка, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріндегі дип­ломатиялық және басқа да өкілдік­терінде таратылады. «Егемен-ақпарат».