Спорт • Бүгін, 18:00

Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады

17 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Эльжана Таниева үлкен спортпен қоштасатынын айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz.

Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады

Фото: olympic.kz

4 жасынан бері гимнастика залынан табылған Эльжана Таниева спорттың бұл түрі өмірінің бір бөлігіне айналғанын айтты. 

«Кілемге шығар алдындағы толқу, прожектор жарығы астындағы әр қозғалысым, көрермендердің шапалағы – мұның бәрі мәңгі есте қалады. Бұл жол оңай болған жоқ. Кейде күшім таусылғандай, қиындықтар еңсерілмейтіндей көрінетін сәттер болды. Бірақ дәл сол сәттерде маған сенген адамдар жанымнан табыла білді», деп жазды спортшы. 

Ол кәсіби мансабында ылғи жанында болып қолдаған бапкері Әлия Юсупова мен ата-анасына ризашылығын білдірді. Десе де спортшы қыз желідегі жазбасы арқылы алға қойған мақсаттары бар екенін аңғартты. 

«Бұл тарауды аяқтай отырып, спортпен біржола қоштаспайтынымды айтқым келеді. Маған осы жолды сыйлаған мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын. Алда да қызықты сапар күтіп тұрғанына сенімдімін», деп жазды Эльжана Таниева.