Оқиға • 15 Қаңтар, 2025

Ақтөбе-Астрахань тас жолында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалып қойды

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары автокөліктер колоннасын Атырау облысының шекарасына дейін сүйемелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе-Астрахань тас жолында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалып қойды

«14 қаңтарда қалың қар мен көктайғақтың салдарынан сағат 23:00-ден 9:00-ге дейін Ақтөбе-Астрахань республикалық автожолында Байғанин ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді», делінген өңірлік полиция хабарламасында. 

Қолайсыз ауа райы жағдайында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етті. 15 қаңтарда таңертең полиция қызметкерлері Атырау облысына қарай 100-ден астам автокөлікті сүйемелдеп алып жүрді. 

«Құрметті жүргізушілер, ауа райының қолайсыз кезінде алыс жолға шығудан аулақ болуға және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды қадағалауға шақырамыз», деп ескертті полиция.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35