Облыстық полиция департаменті жол апатына жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуы себеп болғанын хабарлады.
«Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.