05 Ақпан, 2015

Жемқорлыққа тосқауыл

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Салықтық қарым-қатынас­тардың барлық саласындағы сы­байлас жемқорлық белгілерін болдырмауға қатысты шараларды жүргізуде басты міндеттерді естен шығармаған абзал. Мәсе­лен, салықтық шағымдар. Ол салық төлеушіге салықтық тексе­ріс нәтижесінде салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер заңсыз есептелген жағ­дайда, салықтық тексеріс актісіне шағым беруге, сөйтіп өз заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Салық төлеу­шінің салықтық тексеріс нәтиже­сіне шағым түсіру құқығы Са­лық кодексінің 13-бабымен бекітіл­ген, ал шағым беру тәртібі аталған Кодекстің 21-бөлімінде көрсетілген. Салықтық тексеріс нәтижесін қарастыру, уәкілетті мемлекеттік органмен (Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті, мемлекеттік кірістер департаменті) және сотпен жүргізіледі. Шағым салық төлеушіге хабарлама тапсырылған соң отыз жұмыс күнінің ішінде берілуі керек. Бұған қоса, шағым көшірмесі шешім шығарылғанға дейін салықтар, төлемдер мен өсімпұл сомасы өндіріліп алмас үшін тексеріс жүргізген салық органына тапсырылады. Өйткені, шағымның берілуі шағымдалған хабарламаның орындалуын жазбаша шешім шығарылғанға дейін тоқтатады. Өз кезегінде шағым қарау барысында орасан зор жұмыс жүргізілетінін атап айтқан жөн. Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шетелдің уәкілетті мемлекеттік органдарына, банк мекемелері мен жеке құрылымдарына қажетін­ше сұраулар жіберіледі. Соны­мен бірге шағымды объективті қарау мақсатында жоғары тұрған салық органы шағымда айтылған мәселелерге қатысты тақырыптық тексеріс тағайындай алады. Шағым қарау нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша шешім шығарылады. Жоғары тұрған орган шешімімен келіспеген жағдайда, салық төлеуші бұл ше­шімге қатысты Қаржы министр­лігінің мемлекеттік кіріс­тер комитетіне немесе сотқа ша­ғым беруге құқылы. Қоры­тып айт­қанда, сыбайлас жемқор­лық­пен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабыл­дау керек. Ал мемлекеттік басқа­ру құзыр­лы әрі тиімді болуы ма­ңызды. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі белгілі. Алмас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманы.