
Фото: infonews.kz
Агенттік осыған ұқсас 817 фактіні тексеріп, өңірлік комиссияларға жолдаған. 685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам мемлекет қаржысы үнемделген.
«Мекемелердің IT құралдарын пайдалану арқылы 69 тиімсіз делдал шеттетіліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді. Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмықтың, картоптың, сәбіздің, қанттың, жұмыртқаның және тұздың бағасы төмендетілді», делінген ҚМА хабарламасында.
Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500 пайыздан астам сомаға көтеріп жеткізіп берген.
Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180%-ға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталып отыр.
ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде қосымша келісімшарттар жасалып, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық қаржы үнемделген.
Осындай жұмыстар Астанада және Қарағанды облысында 175 балабақшада да жүргізіліп, 100 млн теңгеден астам қаржы негізсіз жұмсалмаған.