Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025

Маңғыстау облысында су тарифінің бағасы негізсіз өскен

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс прокуратурасы су тарифін белгілеу кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысында су тарифінің бағасы негізсіз өскен

Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы бір текше метр үшін 70 теңгеден негізсіз 120 теңгеге ұлғайтылған.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық түрінде прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Қарау нәтижесінде мәслихат шешімінің күші жойылып, бір текше метрге бағаны 120-дан 70 теңгеге дейін түсіру туралы жаңа шешім қабылдады, осылайша ауылдық елді мекендердегі 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды.