Тағайындау • 17 Қаңтар, 2025

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің жаңа басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына  Нұрсұлтан Сейдалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: tolqyn.kz

Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов қатысты.

Салауат Мүксімов өз сөзінде Нұрсұлтан Сейдалиевтің мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық тәжірибесін және басқарушылық қабілетін атап өтіп, оның жаңа қызметте облыстағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Нұржан Құдайбергенов жаңа басшыға сәттілік тілеп, облыс әкімдігі тарапынан өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен әдеп стандарттарын нығайтуға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Нұрсұлтан Сейдалиев өңірдегі мемлекеттік қызметті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Шара барысында қатысушылар Нұрсұлтан Сейдалиевтің тағайындалуы өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға серпін беретініне сенім білдірген.