
Фото: gov.kz
Туктаровқа жұдырығымен жәбірленушінің көз аймағына бірнеше рет соққы жасап, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген, соның салдарынан ол абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан деген айып тағылған.
Сот барысында күдікті оқиғаны біркелкі баяндаған. Сондықтан құзырлы органдар, күмән келтірерлік жағдайды байқамаған. Оқиға орнында бейнебақылау жазбалары да күдіктінің сөзін айғақтаған.
Жәбірленуші оның сыныптасы болатынын, оқиға болған күні онымен арақ ішіп әңгімелесіп отырғандарын, кейін оларға тағы бір сыныптастары қосылғанын, үшеуі моншада ішімдік ішкендерін, жәбірленушімен ренжіспегенін, оны ұрмағанын, жәбірленуші далаға шыққанда мастықпен өзінің аяғына шалынып артқа қарай қатты құлағанын айтып жауап берген.
Куәгерлер мен сот медициналық-криминалистикалық сараптамасының қорытындысына сай, жәбірленушінің дене жарақаты, тергеу сынағы барысында көрсеткен мән-жайда алыну мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын көрсеткен.
«Жергілікті соттар Туктаровқа жәбірленушіге абайсызда оның өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін тағылған айыптар болжамға негізделген және оның осы қылмысты жасаудағы кінәсі дәлелденбеген деген дұрыс қорытындыға келген. Осыған байланысты, Туктаровты ақтау жөніндегі сот актілері күшінде қалдырылды. Өзге адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін істі прокурорға жолдау туралы өзгеріс енгізілді», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.