
фото: Kyzylorda-news.kz
Kyzylorda-news.kz-тің жазуынша тоғыз жылдан бері бауыр циррозы дертіне шалдығып, емi нәтижесіз болған науқасқа жасалған ота он сағатқа созылған.
Ота сәтті аяқталып қазіргі уақытта науқас қалыпты өмірге оралды.
Күрделі отаның жасалуына А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер Баймаханов Болатбек Бимендіұлы жетекшілік ететін трансплантологтар арнайы келіп қолдау білдірген.