
фото: almaty.tv
Оқиға Қорғаныс ауданында болған. Баланың анасы Ксения Светоносованың айтуынша, оның 11 жасар ұлы інісін қарсы алу үшін мектепке бара жатқан. Жолда қаңғыбас иттерге тап болған.
«Мектептің жанында бір үйір қаңғыбас ит жүрді. Балам оларды айналып өтпекші болды, бірақ иттердің бірі оны қауып алды», деді әйел.
Оның айтуынша, бала қарсы тұрып, қашып үлгерген. Шабуылдан кейін отбасы медициналық көмекке жүгініп, полицияға арыз жазған.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты хабарлама түскенін растады.