Былтыр Қазанда өткен ТҮРСКОЙ тұрақты кеңесінің 32-ші отырысында Түрікменстанның Мары қаласы – 2015 жылдың түркі дүниесінің мәдени бас қаласы болып бекітілген еді. Осыған орай, жақында Қазаннан келесі эстафетаны алған Мары қаласында «Мары – түркі дүниесінің мәдени бас қаласы-2015» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Марыдағы «Рухыет» мемлекеттік сарайында өткен шараға Түрікменстанның Парламент депутаттары, түркітілдес елдердің мәдениет ведомстволары мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, журналистер мен жастар қатысты. Сондай-ақ, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері мен Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Македония, Босния мен Герцеговина, Венгрия, Болгария, Гагаузия (Молдова Республикасы), Ресей Федерациясының құрамындағы Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Тыва, Саха-Якутия, Калмақ, Алтай сынды түркі әлемінің түкпір-түкпірінен шығармашылық ұйымдар да болды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне арнайы сәлем хат жолдаған Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов тарихи шараға қатысып отырған барлық қонақтарды айтулы мерекемен құттықтап, адамзат өркениетінің тарихында елеулі орны бар ежелгі Мары қаласының түркі дүниесіндегі мәнін ашып, түрікмен халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрі, өнері мен мәдениеті әлем халықтарының жақындасуына қызмет ететіндігін тілге тиек еткен. Мерекелік шараның тарихи маңыздылығын баян еткен ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түрікменстан Президентіне халықаралық шараның өтуіне қолдау көрсетіп, түркі дүниесінің өнер мен мәдениет саласына қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдірді. «Бүгінгі күні «Түркі дүниесінің мәдени бас қаласы» жобасының аясында эстафетаны қабылдап алған ежелгі Мары қаласы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік тізіміне енгені баршаға мәлім. Осы қасиетті жерде әлемдік өркениеттің орталықтары мен жалпы мәдени мұраның құндылықтарын сезінуге болады. Сондықтан Мары қаласының теңдессіз мәдени мұрасы түркі дүниесіне орталық болуға әбден лайықты», – деп шараның мәнін тереңдете түсті Бас хатшы. Шара шеңберінде өткен концертке еліміздің талантты өнерпаздары өз үлестерін қосты. «Ақ-жайық» ансамблінің Т.Ақбөкен, А.Ноғайбаева, Ә.Набиева, А.Ержанова, Т.Жұмағалиев, Г.Жұматаева, А.Жалғапов, Б.Ақтаев, Е.Баймұратов, С.Байменова есімді өнерпаздары қазақтың дәстүрлі музыкасымен қонақтарды тәнті етті. Әсіресе, белгілі домбырашы Темір Ақбөкеннің түрікменнің ұлттық аспабы дутармен қазақтың күйлерінен поппури орындағанда түрікмен жұртшылығы дән риза болды, дейді ТҮРКСОЙ-дағы Қазақстанның өкілі Мәлік Отарбаев. «Егемен-ақпарат».Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
