Құқық • 18 Қаңтар, 2025

Кәсіпкер құқы қорғалуы керек

2057 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырау облысында былтырғы су тасқынының зардаптары то­лық жойылған жоқ. Оның салдарын тартып отырғандар әлі де бар.

Кәсіпкер құқы қорғалуы керек

Сурет: aimak.com.kz

Мәселен, кәсіпкер Вячес­лав Орловтың айтуын­ша, иелігіндегі жер телі­мінің үстінен бөгет салынған. Қазір оның иелігіндегі жер екіге бөлініп тұр. Ол 2022 жылдың қазан айында Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылынан 2,7 гектар жер телімін жеке иелігіне алған екен. Мақсаты – құс фаб­ри­касын ашу. Жаңа нысанның құ­ры­лысын жүр­­­гі­зу мақсатында был­тыр­ жыл­ басында жер телі­мін қор­­шау­ды бастаған. Жер телі­мі­не транс­­фор­ма­торлық қосалқы станса орнат­қан.

Махамбет ауданында су тасқы­нынан қорғану үшін ұзындығы 105 кило­метр бөгет соғылған. Ал кә­сіп­­­­кер­дің иелігіндегі жер телімі ар­қылы салынған бөгеттің ұзын­ды­ғы – 225, табаны – 12, биіктігі – 2,5 метр.

«Маған жер теліміне бөгет салу туралы ешкім хабарлаған жоқ. Мен бөгет салуға рұқсатымды берген жоқпын. Бөгетке қолданылған топырақ үйіндісінен жер телімін қоршауға қағылған 38 бетон бағанасы бүлінді. Қазір иелігімдегі жер телімі екіге бөлінгендіктен, бизнес жос­парымды бастай алмай отырмын», дейді В.Орлов.

Кәсіпкердің айтуына қарағанда, осы мәселені оң шешу үшін бір­неше әкімдікке жүгінгенімен, мәсе­ле әлі толық шешімін таппай отыр. Нақтылай айтқанда, Бейбарыс ауыл­дық округінің, Махамбет аудандық, Атырау қалалық әкім­дігіне хат жазған.

«Әкімдіктерден тұщымды жауап алмадым. Олар тек хатымды бір-біріне жолдап отыр. Амалым таусылған соң Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына жүгіндім», деп мәлімдеді В.Орлов.

Махамбет аудандық жер қаты­­настары бөлімінің басшысы Ақыл­бек Сәлиевтің мәліметіне сүйен­сек, су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасақталған. Шағым білдірген кәсіпкердің жер телімі арқылы салынған бөгет Атырау қалалық әкімдігі тапсырысымен жүргізілген.

«Біздің ауданнан су тасқыны кезінде шамамен 105 кәсіпкерлік субъектісі зардап шекті. Қазір оларға өтемақы төлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімінде Вячеслав Орлов жоқ. Өйткені біздің балансқа оның жер телімі арқылы өтетін бөгет алынбаған», дейді А.Сәлиев.

Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша сектор меңгерушісі, облыс­­тық кәсіпкерлер палатасы ди­­рек­­­­­торының орынбасары Сәр­сен­бай Жол­дыбаевтың пікірін­ше, істе кәсіп­­­кердің құқығын бұзу дерегі бар. Түйт­­­кілді оң шешудің жолы қандай?

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес түйткілді мәселені шешудің екі тетігі бар. Біріншісі – кәсіпкерге өтемақы төлеу, екіншісі – аумағы мен құны жағынан ұқсас басқа жер телімін беру. Осыған байланысты тиісті органдарға ұсыныс­тар жіберілді. Егер олардың жауабы мен мәселені шешу тұр­ғы­сындағы ұсынысы кәсіп­керді қанағаттандырмаса, оның мүд­десін сотта қорғауға дайынбыз», деді С.Жолдыбаев.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше