
Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
- Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр, - деп түсіндірді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.