
Алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы павлодарлықтың қарызы 4,5 млн теңгеге жеткен.
- Жұбайымен ажырасқаннан кейін 29 жастағы ер адам бала тәрбиесіне араласпай, төрт жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген. Нәтижесінде оған іздеу жарияланды, ал алимент бойынша қарызының сомасы бүгінде 4,5 млн теңгеге жетті. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қарызды өндіріп алу туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін оны жеке сот орындаушысына тапсырды, - деп жазылған хабарламада.
Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, 2024 жылы полиция алимент төлемейтін 300-ге жуық адамды анықтады.
Тәртіп сақшылары алимент төлеуден жалтару тек материалдық салдарға әкеп соқпайтынын, сонымен бірге қылмыстық қудалауға негіз бола алатынын еске салды.