
Бұл туралы Дина Шайхислам әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол АҚШ Конгресінен келген жеке шақыртудың бейнежазбасын жариялады.
Видеодан шақырудың құрамына инаугурацияға кіру билеті, қосымша шақырту хаттары, Дональд Трамп пен жаңа вице-президент Джей Ди Вэнстің қолтаңбасы бар фотосуреттер, инаугурация бағдарламасы кіретінін көруге болады.
«Бүгін мен Президент Трамп пен Вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақырту алдым», деп жазды ол.
Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-президенті ретінде инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында Вашингтонда, жергілікті уақытпен сағат 12:00-де өтеді. Сонымен қатар рәсім барысында Джей Ди Вэнс вице-президент ретінде ант береді.