Оқиға • 20 Қаңтар, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінді

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Каспий теңізінде жер сілкінді

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,1 болатын жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:22-де тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 17 шақырым тереңдікте орналасқан.