
Сондай-ақ республика бойынша боран соғып, көктайғақ болады, тұман түсіп, екпіні 15-28 м/с жел соғады. Ал Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі.
«Бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді, елдің солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-25 градусқа дейін аяз болады», деп жазылған хабарламада.