Өндіріс • 21 Қаңтар, 2025

Қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

Фото: ашық дереккөз

Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жоба бар. 

Ұсынылған кәсіпорындардың барлық тізімінен 41 қызмет қоқысты қайта өңдеуге бағытталғанын атап өткен жөн. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 млн тоннаны құрайды. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.