
Фото: ҚТФ
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Әмір Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жеңді. Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылған.
Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген 17 жасар Ә.Омарханов ширек финалға шығу үшін 17 жасар швециялық Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі.