Оңтүстікте болған бұл автомобиль апаты 14 адамның өмірін жалмап кетті. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова автоапатқа кінәлі «Mercedes Sprinter» көлігінің жүргізушісі екендігін айтады.
Оқиға Алматы – Шымкент тас жолының бойындағы Бозарық елді мекенінің маңында болған. «Mercedes» жүргізушісі алдында келе жатқан ауыр жүк көлігі «Howo»-ны басып озып кетпек болады. «Howo»-ның жол бойындағы жанармай құю бекетіне бұрылуға ыңғай танытқанын көре тұра, алдына шығып кетпекші болған. Тараз – Шымкент бағытында жолаушылар тасымалдайтын «Mercedes»-те 19 адам болған екен.
Апатты көзімен көргендер машиналарын тоқтатып дереу көмекке ұмтылған. Алайда, күл-талқаны шыққан көліктегі тоғыз адам, ішінде жас бала да бар, сол мезетте жан тапсырған. Ауыр жарақат алған жолаушылар облыстық жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр. Ішінде жас балалар да бар.
Қайғыдан қан жұтқан ағайындары Аллаға мінәжат етіп, дәрігерлердің туыстарын аман-сау алып қалуын тілеп, аурухана есігін күзетіп жүр. «Mercedes» жүргізушісі де ес-түссіз күйде ауруханаға түскен екен. Қазір белгілі болғандай, ол да көз жұмды.
Бір адамның бір сәттік қателігінен ондаған жан қайтпас сапарға аттанып кетті. Қаншама шаңыраққа қан жұтқызған осындай оқиғалардың көлік жүргізушілеріне сабақ болмайтыны өкіндіреді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 20:41
Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталды
Қоғам • Бүгін, 20:12
Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді
Заң • Бүгін, 19:35
АҚШ билігі грин-картаға өтініш беруді қиындатты
Әлем • Бүгін, 19:05
Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады
Қоғам • Бүгін, 18:55
Қазақстанның оқушылары халықаралық марапатқа ие болды
Білім • Бүгін, 18:30
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Заң • Бүгін, 18:15
Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Спорт • Бүгін, 17:55
Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 17:42
Қызылордада 18 мыңға жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астанада республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 16:58
АҚШ пен Иран көліссөздері жалғасып жатыр
Әлем • Бүгін, 16:25
Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Спорт • Бүгін, 16:14