Әлем • 22 Қаңтар, 2025

Түркияда қонақ үйдегі өрттен 76 адам көз жұмды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбіге қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүй отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Түркияда қонақ үйдегі өрттен 76 адам көз жұмды

Фото: yenisafak.com

Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая өрттен қаза тапқандардың саны 76-ға жеткенін мәлімдеді. Бұған дейін ол 51 адам құрбан болғанын хабарлаған еді.

Өрт 12 қабатты (басқа деректер бойынша 11 қабатты) Grand Kartal қонақүйінде жергілікті уақыт бойынша 03:27-де басталған. Қонақүйде барлығы 234 қонақ болған.

Болу губернаторы Абдулазиз Айдын алдын ала мәлімет бойынша, өрттің қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында басталып, жоғарғы қабаттарға тарағанын айтты.

Айта кетейік, қонақ үй Болудың орталығынан біршама қашықтықта орналасқан.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.